ТҮРКІСТАН: Сауранда тұрмыстық қалдықтан пластикалық құбыр шығару қолға алынды

0
754

Жобаның қуаттылығын жылына 500 тоннаға жеткізу көзделуде.


ТҮРКІСТАН: Сауранда тұрмыстық қалдықтан пластикалық құбыр шығару қолға алынды

Сауран ауданында тұрмыстық қалдықтардан пластикалық құбыр шығарылмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына орай, Сауран ауданының аумағында санитарлық-тазалық талаптарының қатаң сақталуы бақылауға алынған. Аталған мәселеге байланысты Сауран ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ербол Жанғазиев, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары аудан аумағын аралап, Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «Sauran Plast» өндіріс орнына арнайы барып, жұмысымен танысты.


Өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан шикізат шығаруды қолға алған. Еліміздің өзге де облыстарынан тұрмыстық қалдықтарды жинап, өңдеуде. Өндіріс орнының басшысы Қанат Көшербаев алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, шикізаттан пластикалық құбыр шығаруды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Жобаның қуаттылығын жылына 500 тоннаға жеткізу көзделуде. Зауытта бүгінгі таңда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


Аралау барысында Ербол Жанғазиев барлық ауылдық округ әкімдеріне санитарлық тазалық жұмыстарын күшейтуді және ауыл-аймақтарда жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды аталған орынға өткізуді міндеттеп, нақты тапсырмалар жүктеді.