ТҮРКІСТАН: Саурандағы ауылдарға газ кіргізіліп, көшелер жөнделеді

0
529

Осы жылдың наурыз айында 13 көшеге көгілдір отын кіргізілді.


ТҮРКІСТАН: Саурандағы ауылдарға газ кіргізіліп, көшелер жөнделеді

Сауран ауданында инфрақұрылымды жақсарту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл жұмыстардың бірқатары жөнінде Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Ескі Иқан ауыл округінің тұрғындарымен кездесуінде баяндады. Осы жылдың наурыз айында 13 көшеге көгілдір отын кіргізілді. Тағы 27 көшенің тұрғындары көмір тасып, күл шығарудың машақатынан арылмақ. Көптен күткен жасы мен жасамысы үшін қуаныш. Ауылдарды газбен қамту кезең-кезеңімен жүзеге асады.


"Ауыз су, жол, жарық, газ – аудан үшін басты мәселе. Біз жоспар жасап, сіздердің талаптарыңызды кезең-кезеңімен орындауды қолға алып жатырмыз", – деді аудан әкімі.


«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Ескі Иқан ауыл округіндегі Ұлықбек, Жаңа Иқан, Шымкент, Х.Алимжан, Достық-2, Достық-4, М.Әуезов, Сұлтанқожа, Салауат көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына мердігер мекемелері анықталып, құрылыс жұмыстары басталады. Жоба құны – 149,1 млн. теңге. Ескі Иқан елді мекеніндегі су тазарту қондырғысына 45 шақырым су құбыры желісін тартуға ЖСҚ әзірленген.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қалаларды аралап, тұрғындармен кездесу барысында түрлі өтініштер тіркелген болатын. Өңірде осы өтініштерді орындау бойынша жұмыстар жалғасын табады.