ТҮРКІСТАН: Саябақта мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

0
1 639

Түркістан қаласының «Жеңіс» саябағында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.


ТҮРКІСТАН: Саябақта мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

2019 жылдың 10 сәуірінде Түркістан қаласының «Жеңіс» саябағында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл жәрмеңкенің саябақта өтеуіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Түркістан қаласы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастырды.
Табиғат аясында өткен жиынды Департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев ашып, өз сөзінде Елбасы Жолдауында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу керектігін нақтылап берді.
Сондықтан біздің басты мақсатымыз - халыққа сапалы қызмет ету екенін айтып, жәрмеңкеге келген қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді. Жиында әрі қарай Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Қ.Сарманов пен облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Б.Бекенов бастамаға сәттілік тіледі.
300-ден аса қала тұрғыны жиналған іс-шарада азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша салалық кеңестер беріліп, қабылдау жүргізілді.
Концерттік бағдарламамен ұштасқан іс-шара барысында 31 азамат, соның ішінде әлеуметтік қорғалмаған 2 азамат «мобильді ХҚКО» арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алды.
Бұдан бөлек, арнайы мамандар мен еріктілер 40-тан аса смартфон қолданушыларды eGov.kz-те тіркеліп, порталдың профиліне ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, телефон номерлеріне «телеграмм-бот», mgov қосымшаларын байлап, ақпараттық брошюралар таратты.
Келушілер арасында қала депутаты А.Темірбаев бұл іс-шараның ауқымдылығын көрсете отырып, өзі де электрондық портал арқылы қызмет алудың жаңа жолдарын меңгерді.