ТҮРКІСТАН: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде жұмыс кеңесі өтті

0
511

6 жинақ бойынша материалдар әзірленіп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде жұмыс кеңесі өтті

«Халық жады» сериясы бойынша Түркістан өңірі бойынша қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтарымен сұхбаттары мен естеліктер жинағын әзірлеу жұмыстары атқарылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия және жұмысшы топ мүшелерінің кеңесі өтті. Кездесуге Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары К.Мырзабаев қатысты.


«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 33 томдық материалдар жинағы мен ХХ ғасырдың 20-50 жылдары» атты жинақтың 3 томында Түркістан облысында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жинақталған материалдар орналастырылған. Қазіргі таңда «Халық жады» сериясы бойынша Түркістан өңірі бойынша қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтарымен сұхбаттары мен естеліктер жинағын әзірлеу жұмыстары атқарылып жатыр.


Еске сала кетсек, облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес Түркістан облысында 2021 жылы 14 қаңтарда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Өңірлік комиссия құрылған болатын. Комиссия құрамы Түркістан облыстық мәслихатының шешімімен бекітіліп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылды.


Екі жыл ішінде өңірлік комиссия мен жұмысшы топ жасаған зерттеулер нәтижесінде 2022 жылдың соңында 6 құжаттар мен мақалалар жинағы, 1 ақтауға ұсынылатындардың тізімі, 1 монография баспаға шығарылды. Биылғы жоспарға сәйкес, 6 өңірлік жинақ шығару жоспарланып, республикалық басылымға тағы 6 жинақ бойынша материалдар әзірленіп жатыр.


Шара барысында өңірлік комиссия және жұмысшы топ мүшелері атқарған жұмыстарының нәтижесінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.