ТҮРКІСТАН: Селден кейін салынған жаңа үйлер жуырда тапсырылады

0
1 167

200-ден астам жұмысшы жұмылдырылған.


ТҮРКІСТАН: Селден кейін салынған жаңа үйлер жуырда тапсырылады

Төлеби ауданында төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында көптеген істер атқарылып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағында төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында (ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап)жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, арнайы құрылған штаб тұрақты жұмыс атқарып келеді.

Атап айтсақ, су басқан елді мекендер 4 секторға бөлініп, (Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Төлеби),323 адам, 63 техника жұмылдырылған. Нәтижесінде Ленгер қаласы, Сұлтан Рабат, Достық, Ынтымақ, Киелітас, Екпінді елді мекендеріндегі су шайып өткен 250 тұрғын үйлердің аулалары қоқыстардан, лай-ұйықтардан тазаланып, 9 жаздық асхана (времянка),11 қора-қопсы, 3 гараж нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, 32 шақырым арық-атыз механикалық әдіспен тазартылса, 3,5 мың қаппен арық ернеулерінің деңгейі көтеріліп, 4,2 шақырым қашыртқы қазылған.

Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандары өздеріне бекітілген секторларда тиісті жұмыстарды 18 мамырға дейін толық атқарып шыққан.

Сондай-ақ, зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету барысында 71,7 мың тонна цемент (152 отбасы), 8500 дана шлакоблок (43 отбасы), 78 м3 шебін тас (39 отбасы), 24 м3 құм (12 отбасы), 29,2 мың тонна ұн (125 отбасы), 753 отбасыға азық-түлік берілген. Эвакуациялық бекетке қоныстандырылған 78 адам өз үйлеріне қайқан.

Қазір жоғарғы Қасқасу елді мекеніндегі су шайып кеткен 4 көпірге уақытша өткелдер салынып, қатынас орнады. Жаңадан көпір салуға құны 83,1 млн теңгені құрайтын сметалық құжаттама әзірленіп, қажетті қаржы облыстық бюджеттің төтенше жағдай қорынан толығымен шешіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, көпірлердің су шайған бөлігі тазаланып, монолит құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталатын болады.

Ал мамандардың қорытындысымен жарамсыз деп танылған 42 үйдің (тұрғын саны 199 адам) құрылысын жүргізу үшін 9 мердігер, 7 инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстарының өндірістік кестесі бекітілген. Осы орайда ауданы 50, 60, 80 және 100 ш.м. құрайтын 4 жеке тұрғын үйдің типтік жобасы әзірленіп, типтік жоба бойынша жаңадан жалпы алаңы 2640 ш.м. құрайтын 42 үйдің құрылысы жүргізілуде (1 ш.м. құны 170 мың. теңгені құрайды). Оның ішінде: 25 үйдің құрылыс - монтаж жұмыстары аяқталып, тапсыруға дайындық жүргізіліп жатса, 14 үйдің шатыры жабылып, терезесі орнатылып, ішкі электр желісін, жылу жүйелерін жүргізу мен ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары атқарылуда. Қалған 3 үйдің шатырын жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарына жалпы 203 адам тартылған.