ТҮРКІСТАН: Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарға құрмет көрсетілді

0
2 105

1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылданған.


ТҮРКІСТАН: Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарға құрмет көрсетілді

Шардарада Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудандық мәдениет сарайы жанынан ашылған «Достық» үйінде өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтар мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
«Осыдан 28 жыл бұрын, яғни, 1991 жылғы 29 тамызда еліміз үшін тарихи шешім қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізіліп, қазаққа зор қасірет төндірген Семей полигоны жабылды. Бұл Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі екендігін атап өткен жөн. Арадан қанша жылдар өтсе де ядролық сынақтар салған жүректердегі жара жазылмақ емес» деген аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы жиналғандарды «30 тамыз – Конституция күні» мерекесімен құттықтап, ауданның экономикалық-әлеуметтік өсіп-өркендеуіне үлестерін қосып жүрген Семей ядролық полигонынан зардап шеккен бірқатар азаматтар аудан басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Дөңгелек үстел барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков пен аудандағы Семей ядролық полигоны ұйымының төрағасы Н.Тоқсанбаевтар Семей ядролық полигонының зардаптары жайында айтып, қасіретті күндердің қайта оралмауына тілектестік білдірді.
Іс-шара соңында өмірден өткен азаматтардың рухына құран бағышталып, ас берілді.