ТҮРКІСТАН: Шақпақтық тұрғындардың меселесі жуырда шешіледі

0
452

Жаңадан ауызсу ұңғымасы қазылып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Шақпақтық тұрғындардың меселесі жуырда шешіледі

Шақпақ елді мекеніндегі қазылып жатқан ауыз су ұңғымасы аудан әкімінің жеке бақылауында, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Шақпақ елді мекеніне іс-сапармен барып, жаңадан қазылып жатқан ауыз су ұңғымасының жұмысын бақылады. Мердігер мекеменің басшысы бүгінгі күнге дейін 230 метр тереңдікте бұрғылап қазылғанын, 450 метр тереңдікке дейін қазу жұмыстары жүргізілетінін баяндады.

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы Шақпаққа ауыз су толық берілгенге дейін өзінің жеке назарына алатынын және құрылыс жұмыстары барасында үнемі келіп, бақылап тұратынын айтты.

Айта кетерлік жайт Шақпақ елді мекенінің тұрғындары қаңтар айында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековпен кездесу барысында ауыз су мәселесі қаншама жылдан бері шешімін таппай келе жатқандығын жеткізген болатын.

Сол кезде аудан әкімі елді мекен тұрғындарына ұңғыма қазып, ауыз су беруді уәде еткен еді. Міне шақпақтық тұрғындардың көтерген меселесі шешімін тауып, су ұңғымасын қазу жұмыстары жүргізілуде.