ТҮРКІСТАН: Шалғай жатқан елді мекендерде 18 медициналық пункт салынады

0
467

Облыс бойынша 5485 дәрігер және 19095 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.


ТҮРКІСТАН: Шалғай жатқан елді мекендерде 18 медициналық пункт салынады

Түркістан облысының медицина қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Медицина қызметкерлері күніне орай Түркістанда салтанатты жиын өтті. Онда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақ желеңді абзал жандарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.


Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев өз кезегінде медицина саласын жақсарту мақсатында еңбек етіп жүрген денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, дәрігерлерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапаттады.


Облыста үш мыңға жуық медицина қызметкері шетелдің үздік клиникаларында оқып, біліктілігін арттырды. Биыл Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 6918 және облыстық балалар ауруханасында 2985 ота жасалған.


Емдеу мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтары да үздіксіз толықтырылуда. Шалғай жатқан елді мекендерді 18 медициналық пункттермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


Жалпы, қазіргі таңда облыс бойынша 5485 дәрігер және 19095 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.