ТҮРКІСТАН: Шардара әкімі жұмысын жұртшылықпен жүздесуден бастады

0
2 886

Жаңадан тағайындалған әкімі өз жұмысын бастап, қала ішін аралады.


ТҮРКІСТАН: Шардара әкімі жұмысын жұртшылықпен жүздесуден бастады

Шардара ауданының жаңадан тағайындалған әкімі Қайрат Жолдыбай алғашқы жұмыс күнін Шардара қаласын аралаудан бастады деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қаланы аралау барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай қаланың тазалығына, басты жолдарды орта жөндеуден өткізуге, көркейту-көгалдандыру мақсатында егілген жасыл желектердің шілденің ыстығында қурап қалмауын қала әкімі Ережеп Бекет пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркебұлан Қаратүновке қадап тапсырды.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының, жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына кедергі келтірме үшін салынатын аяқжолдар мен суағарлардың талапқа сай салынуын да қатаң ескертті.
Алдағы уақытта аудан басшысы барлық ауылдық округтерді аралап, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысатынын, аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендердегі қордаланған мәселелерді ауыл тұрғындарымен біргелесіп шешетіндігін айтып өтті.