ТҮРКІСТАН: ​Шардара жастары атқарар істерінің жоспарын талқылады

0
1 142

Жиынға сан салада үздік нәтиже көрсетіп жүрген аудандағы белсенді жастар қатысты.


ТҮРКІСТАН: ​Шардара жастары атқарар істерінің жоспарын талқылады

Шағалалы аймақтың жастары бас қосқан жиында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстардың жоспарлары талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«2019 жыл – Жастар жылы» аясында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуы мен аудан жастарының белсенділігін арттыруға бағытталған «Жастары белсенді елдің болашағы жарқын» атты келелі басқосуға аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендердегі белсенді жастар қатысты.

Негізінен жиынға қатысушылар жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, теріс діни ағымдардан сақтану, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында орта және шағын бизнес салаларын дамыту, жаңа өнім, отандық брендтерді жасау сынды мәселелерді сөз етті. Бұл бағыттарда кездесетін кейбір қиындықтар мен кедергілерге кез-келген уақытта қолдау көрсетуге дайын екендігін айтқан Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері ауылдардағы спорттық, мәдени шараларды да назардан тыс қалдырмауға шақырды.

«Біз – тәуелсіз елдің тірегіміз, болашағымыз. Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін білімді, иманды, жаңашыл болуға тиіспіз. Біз біріксек бағындырмайтын белес жоқ. Сондықтан, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жолында шалғай ауылдардағы замандастарымызды да ұмыт қалдырмауымыз керек», - дейді шараны ұйымдастырушылар.