ТҮРКІСТАН: Шардарада балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

0
645

Бүгінде баптап отырған балық түрлері: сазан (карп), толстолоб пен ақ амур эко система үшін жіберілген.


ТҮРКІСТАН: Шардарада балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Шардара ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында балық шаруашылығы қарқынды даму үстінде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аудан тұрғыны Жасұлан Тұрсынбаев жыл басында балық шаруашылығын бастау мақсатында Атамекен кәсіпкерлік палатасының Шардара ауданындағы филалына барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы түсіндірме жұмыстарымен танысқан.


Сонан соң жас кәсіпкер тізімде көрсетілген барлық құжаттарды жинақтап, Ырыс микроқаржы ұйымы арқылы өтінім білдіріп, 8 550 000 теңге көлемінде жеңілдетілген 2,5% несиеге қол жеткізді. Ол аталған қаржының 2 800 000 теңгесін 10 000 бас шабаққа, қалған 5 750 000 теңгеге өз қаржысынан 7 510 000 теңге қосып жалпы суммасы 13 260 000 теңгеге 25 500 кг жем сатып алған. Бүгінде баптап отырған балық түрлері: сазан (карп), толстолоб пен ақ амур эко система үшін жіберілген.


Қазіргі таңда ауданда балық өсіру жұмыстары біршама қарқындаған.