ТҮРКІСТАН: Шардарада Конституция күні аталып өтті

0
1 964

Конституция күніне орай аудан өнерпаздары мерекелік конецерт өткізді.


ТҮРКІСТАН: Шардарада Конституция күні аталып өтті

Шағалалы Шардара ауданының халқы Ата заңымыздың 24 жылдығын жоғары деңгейде атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Абай» атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мен құзырлы орган басшылары, мұғалімдер мен аудан тұрғындары қатысты.

Аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен бастау алған салтанатты шара аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының құттықтау сөзіне ұласты.

«Құрметті жерлестер, баршаңызды айбынды Атазаңымыздың айбарлы 24 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің айғағы, бейбітшілігіміздің арқауы болған осы бір тынымсыз еңбек пен ізденістердің жылдарында қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес. Әрбір жетістік пен жеңісте сіздердің үлестеріңіз, еңбектеріңіз орасан. Отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық, елімізге тыныштық тілеймін!» деген аудан әкімі бірқатар азаматтарды мерекелік төсбелгілермен, алғыс хаттармен марапаттады. Аудан әкімінен соң сөзге шыққан аудандық мәслихат хатшысы Бұлытбай Мүталиев те жиналған елді мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Іс-шара барысында жергілікті және көршілес аудандардан, облыс орталығынан келген өнер майталмандары патриоттық әндер шырқап, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.