ТҮРКІСТАН: Шардарада полиция бөлімінің халықтық кеңсесі ашылды

0
2 440

Заманауи фронт-офисте өтiнiш иесiнiң құжатын қабылдау кезiнде арнайы бақылау коды берiліп, тіркеуге алынған құжат тиісті бөлімдерге жеткізілетін болады.


ТҮРКІСТАН: Шардарада полиция бөлімінің халықтық кеңсесі ашылды

Бұған дейін Шардара аудандық сотының ғимаратында іске қосылған фронт-офис енді аудандық полиция бөлімінде де ашылды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс санасын арттыру» атты Жолдауында айтылған халықпен жұмыс iстеудiң жаңа заманауи форматтарын енгiзiп, полицияны бағалаудың кретерийлерiн түбегейлi өзгерту және полицияның жұмысын сервистiк модельге көшiру қажеттiгi жайлы идеясын жүзеге асыру мақсатында Шардара аудандық полиция бөлімінің жанынан мемлекеттiк қызмет көрсету орталығы – фронт-офис ашылды.
Ашылу салтанатына Түркiстан облыстық полиция департаментi бастығының орынбасары, полиция полковнигi Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен ардагер полицейлер қатысты.
«Жаңа фронт-офистің ашылуы полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасын жақсартып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға үлкен септігін тигізетін болады. Мұнда келген өтiнiш иелерiнiң бақылау коды арқылы өтiнiштiң қаралу барысы жөнiнде мәлiмет алуға, істің барысымен танысуына толық мүмкiндiк бар», деген аудан басшысы жаңа ғимараттың ашылуымен тұрғындарды құттықтады.
Ғимараттың салтанатты ашылу рәсімінен соң қонақтар фронт-офистің қызмет көрсету жұмыстарымен танысты.
Бұған дейін аудандық соттың ғимаратында ашылған заманауи фронт-офисте өтiнiш иесiнiң құжатын қабылдау кезiнде арнайы бақылау коды берiліп, тiркеуге алынған құжат тиiстi бөлiмдерге жеткiзiледі. Белгіленген мерзім ішінде қаралған өтініштердің жауабы фронт-офиске қайта бағытталып, тұрғындарға қолма-қол немесе электронды мекен-жайына жолданатын болады.