ТҮРКІСТАН: Шардарада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

0
2 321

​Қос нысанның құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден 822 млн 109 мың теңге қаржы қаралған.


ТҮРКІСТАН: Шардарада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

Шардара ауданында «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында 40 пәтерлі 2 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

Аудан орталығы Шардара қаласындағы Астана көшесі бойынан салынып жатқан 20 пәтерлі 4 қабатты тұрғын үйдің құрылысы бүгінде көңіл қуантады. Нысанның іргетасы тұрғызылып, плита жабындылары толық жабылған. Құрылыс жасақтарын арнайы мамандығы мен тәжірибесі бар жергілікті құрылыс бригадаларынан жасақтаған мердігер компания «Бақ Нұр-1» ЖШС нысанды бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізіп, межеленген уақытта ел игілігіне тарсыруды жоспарлап отыр.

Ал, 20 пәтерлі екінші көп қабатты тұрғын үй Әл-Фараби көшесінде орналасқан. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған «ТСК РАБАТ» ЖШС басшылығы да ауданда жұмыссыздық пен кедейшілікті азайту мақсатында құрылыс жасақтарын жергілікті тұрғындардан жасақтаған. Бүгінде құрылыс алаңында еңбек етіп жүргендердің 70 пайызы шардаралықтар.
Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген 822 млн 109 мың теңге қаржыға бой көтеріп отырған 40 пәтерлі 4 қабатты қос тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының сапасы аудан әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынған. Құрылыс материалдары да отандық өнімдер.
Айта кету керек, жуырда ғана тағайындалған Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай аталмыш нысандарды бірнеше рет аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мамандарға құрылыс сапасы мен құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеден кешіктірмеуді жіті қадағалауды қадап тапсырған болатын.