ТҮРКІСТАН: Шардарада жүргізуші куәлігінен айырылған жігіт мас күйінде көлік айдаған

0
1 411

Жыл басынан бері Түркістан облысында көлікті алкогольді ішімдік ішіп мас күйінде жүргізген 500-ге жуық жүргізушіні анықталған.


ТҮРКІСТАН: Шардарада жүргізуші куәлігінен айырылған жігіт мас күйінде көлік айдаған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Шардара ауданында мас күйінде көлік жүргізіп жүрген жігіт ұсталып, қамауға алынған. Алкоголь ішіп темір тұлпарды тізгіндеген жігіттің бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғандығы да анықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Шардара аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция инспекторы, аға лейтенант И.Дәуірбаевқа жергілікті тұрғын белгісіз біреудің жол ережесін бұзып, мас күйінде көлік жүргізіп жүргенін айтып арызданған.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында мас жүргізушіні жедел іздеп табады. Тексеру барысында, жүгенсіз кеткен жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған бола тұра, масаң күйде көлік басқарғаны айқындалған. Жол ережесін бұзған жүргізушінің мас халде болу дерегін анықтау үшін жүргізілген медициналық зерттеудің қорытындысына сәйкес, «орта дәрежелі мастық» екені расталған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Мас жүргізушіге ҚР ҚК-нің «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бабы бойынша айып тағылған.

Айта кету керек, жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері көлікті алкогольді ішімдік ішіп мас күйінде жүргізген 500-ге жуық жүргізушіні анықтаған.