ТҮРКІСТАН: Шардаралық азамат биогумус өндіріп жатыр

0
1 016

Шұбалшаңнан бөлек "Павловня" ағашын өсіруді нықтап қолға алған.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық азамат биогумус өндіріп жатыр

Шардаралық азамат шұбалшаң асырап, биогумус өндіріп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардаралық азамат Бақытжан Нұржанов ауласының алдында шұбалшаң асырап, ауылшаруашылығына қажетті биогумус табиғи тыңайтқышын өндіріп келеді. Бастапқыда 600 шаршы жерді пайдаланған. Қазіргі таңда он бес шаршы метрге ұлғайтып, кəсібінен нəсіп көріп келеді. Аудандағы диқандар бүгінде Бақытжанның өніміне тапсырысты алдын ала беріп, кезекте тұрады. Кәсіпкердің агроөнеркəсіпке ден қойғанына біршама жылдар толған. Алайда еккен егіндері өнім бермей, шығынға шаш еттектен батқан. Себебі жерлер сорланып, жарамсыз күйге түскен. Осының зардабын тартқан шаруа қолдан табиғи биогумус əзірлеуді қолға алыпты. Биогумус — шұбалшаңның асқазанынан қорытылып шыққан қалдық. Бұл топыраққа кез келген өсімдік өседі және химиялық қоспасыз өнім алудың ең тимді жолы.


Атап өтсек, ол бастапқыда шет елден жүз мың шұбалшаң сатып алса, қазір оның саны он бес миллионға жуықтапты. Шұбалшаңды асырау үшін кез келген жануар мен құстың нәжісі жарамды екен. Вермифермерлік саланы дамытуға бет бұрған кәсіпкердің алдағы жоспарлары да ерекше. Ол шұбалшаңнан бөлек "Павловня" ағашын өсіруді нықтап қолға алған. Жылына алты метр өсетін жапониялық ағаш түрін арнайы тапсырыспен алдыртқан. Бұл ағаштың ерекшелігі өнімі жемістей емес, бал түрінде беріледі. Оның айтуынша ағаш 3 жылдан кейін гүлдеп, гектарынан 850 кг мен 1 тоннаға дейін табиғи бал алуға болады. Оған қоса, бұл ағашты тұрмыстық жиһаздар мен кез келген ағаш бұйымға пайдаланады.


Айта кетейік, кәсіпкер шұбалшаңның 1 шаршы метрін, яғни 35-40 мың бірлігін 150 теңгеге, ал біртіндеп 10 теңгеге сатуда. Сондай-ақ, биогумустың 1 текше метрін 60 мың теңгеден өткізуде. Кәсіпкердің айтуы бойынша алдағы уақытта осы кәсіп түрлерінің көлемін ұлғайтып, басқа да тропиктік жеміс-жидек түрлерін өсірумен айналысып көруге ниетті.