ТҮРКІСТАН: Шардаралық дзю-дошылар жеңімпаз атанды

0
1 774

Шардара қоржынына үш қола салған спортшылар командалық есепте жүлделі ІІІ орынға тұрақтады.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық дзю-дошылар жеңімпаз атанды

Шардаралық боз кілем палуандары Қарағандыдан жүлдемен оралды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тамыз айының 23-26-күндері Қарағанды қаласында "QAZAQ MEAT” кубогіне арналған дзю-додан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында ІІІ дәстүрлі Республикалық турнир болып өтті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктелген кіл мықтылардың басын қосқан байрақты бәсекеге Шардара ауданынан Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (ОРМБЖСМ) дзю-дошылары да қатысты. Төрт күнге созылған боз кілем мықтыларының республикалық турнирінде 66 келі салмақта Қадірхан Ердәулет пен Мекенбай Мұса, ал, 81 келі салмақта кілемге шыққан Көжекбай Қажымұқандар қарсыластарынан тәжірибе-айласын асырып, ІІІ орынға ие болып қоладан алқа тақты.
Шәкірттерінің әрбір жетістігіне әкелеріндей қуанатын жаттықтырушылары Нұрқасым Алтынбеков алдағы жарыстарда мұнан да жоғары көрсеткіштерге жетуге ниетті екендіктерін айтады.
Шардара қоржынына үш қола салған спортшылар командалық есепте жүлделі ІІІ орынға тұрақтады.