ТҮРКІСТАН: Шардаралық тұрғын қолдан комбайн құрастырып шығарып жатыр

0
1 699

Ауыл ұстасы алдағы уақытта мемлекеттен несие алып, қолынан іс келетін ауыл жастарын топтастыруды, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық тұрғын қолдан комбайн құрастырып шығарып жатыр

ЕСКЕРТУ: мақаланы көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады

Шардара ауданы, Алатау батыр ауылының тұрғыны Нұрберген Өтесінов үш баласымен бірге өз шеберханасында шөп оратын комбайн құрастырып шығарды, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Күн ұзағына шағын ғана шеберханасынан адамның қарасы үзілмейтін Нұрбергеннің ең алғаш құрастырып шығарғаны – егістікті тегістейтін кәдімгі грейдердің автоматтандырылған түрі. Сонан соң жерге сүйретіліп жүретін тырманы да заманауи үлгіде аспалы етіп жасаған. Бүгінде ауыл ұстасының қолынан шыққан техникалардың бағасы қолжетімді, сұранысқа да ие.

Жастайынан техникаға қызығатын Нұрберген Өтесінов жуырда ғана үш ұлымен бірге шөп оратын комбайнның ауыл жағдайына бейімделген жаңа түрін ойлап тауып, толықтай құрастырып шықты. Кәдімгі «МТЗ-80» тракторының моторын алға-артқа бірдей жүретін етіп қайта құрастырған ұста рулін де артқа ауыстырыпты. Кабинасы мен басқа да қозғалтқыш тетіктерін комбайнға лайықтап өзгертіп, күніне жиырма гектар жоңышқалықты еш қиындықсыз оруға қауқарлы жаңа техниканы құрастырып шыққан.

«Біздің құрастырып шығарып отырған ауыл шаруашылығына қажетті техникаларымызға сұраныс жақсы. Былтырғы жылы шағын және орта бизнесті ынталандыруға бөлінетін мемлекеттік грантты алғанбыз. Енді жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, құрал-жабдықтарымызды жаңалап, жұмысымыздың ауқымын кеңейтсек деген ниетіміз бар», деген ауыл ұстасы Нұрберген Өтесінов алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.