ТҮРКІСТАН: Шардаралық жігіттер әлем мықтыларын мойындатты

0
429

Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек


ТҮРКІСТАН: Шардаралық жігіттер әлем мықтыларын мойындатты

Шардараның спортшы жігіттері абыройды аспандатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркия елінің Ыстамбул қаласында бүкіл қол күрес әлемі асыға күткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысы өз мәресіне жетті. East vs West турниріне Түркістан өңірінің спортшылары да қатысты.


Аталған сайыста Қазақ елінің атынан алғашқы жекпе-жекке шыққан Сарыбай Ердаулет қарсыласы – Түркия өрені, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңді.


Ал жарыстың ең басты сайысы Қыдырғали Онғарбаев мен Америка Құрама Штаттарының атақты спортшысы, әлемнің 26 дүркін чемпионы Джон Брзенк арасындағы жекпе-жек өте тартысты әрі қызықты өтті. Аса тартысты жекпе-жекте жерлесіміз қарсыласын 3-1 есебімен жеңіп, еліміздің абыройын асқақтатты.


Қыдырғали – даңқты бапкер Арман Қарсыбаевтың шәкірті. Шардараның қыраны бұған дейін әлемнің және Азияның бірнеше дүркін чемпионы атанған.