ТҮРКІСТАН: Шаруалар арзан бағадағы сумен қамтамасыз етіледі

0
1 699

Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.


ТҮРКІСТАН: Шаруалар арзан бағадағы сумен қамтамасыз етіледі

Қазақстанның Оңтүстігіндегі шаруалар арзан бағадағы суармалы сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биылдан бастап еліміздің оңтүстігіндегі бірқатар шаруалар үшін суармалы су беру қызметінің құны арзандады. Себебі 2024 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық аясында «Қазсушар» мекемесі тұтынушылармен тікелей келісімшартқа отырып жатыр. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.


Бұл ортадағы делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Тиісінше бірқатар тұтынушылар үшін қызметтердің құнын арзандатады.


Бүгінгі күні «Қазсушар» оңтүстік аймақтағы 1740 шаруа қожалығымен су беру бойынша келісімшарт жасады. Қалған өңірлерде шартқа отыру жұмыстары наурыз айында басталады.


Су ресурстары және ирригация министрлігі биылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тікелей келісім-шартқа отыра бастады. Осы арқылы шаруаларға су беру қызметінің құнын арзандатылмақ. «Қазсушар» мекемесі 2024 жылдың вегетация маусымына 19 мыңнан астам тұтынушымен келісім-шартқа отыруды жоспарлап отыр. Барлық өңірлер бойынша сәуір айынан суармалы су беріле бастайды.