ТҮРКІСТАН: Шекара маңындағы жер телімдеріне қатысты мәселе талқыланды

0
272

Қос тарап әр тоқсан сайын осындай түйткілді мәселелер бойынша әрі жүргізілген жұмыстарды қорытындылау туралы қызметтік жиналыс өткізу туралы уағдаласты.


ТҮРКІСТАН: Шекара маңындағы жер телімдеріне қатысты мәселе талқыланды

ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінде қызметтік жиналыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы жер қатынастары басқармасы өкілдерімен өткізілген жиналыста мемлекеттік шекара бойындағы 100 метрлік жер телімдерін ҰҚК Шекара қызметіне бөлуді қарастыру сұрағы басты назарда болды.


Бүгінде облыс аумағындағы мемлекеттік шекараның бойындағы 100 метрлік шекара жолағының біркелкі еместігі шекарашылардың қызметіне кедергі келтіруде. ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты шекараны күзету басқармасының бастығы полковник Виталий Вилонов және Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген осы жер мәселесін талқылады.


Тараптар барынша жер туралы туындаған мәселелі сұрақтардың шешімін бірлесіп шешу туралы келісімге келді. Түркістан облысы аумағындағы бес ауданның халқы мемлекеттік шекара бойына өте жақын орналасқандықтан әрі 100 метрлік шекара жолағы белгіленген тәртіпке сай емес. Осы түйткіл тарқатылып, аумаққа қатысты нақты ситуациялық жобаны жасау, осы сұрақты Үкімет деңгейінде әрі ҰҚК Шекара қызметі жоғары басшылығына қызметтік хат арқылы жолдау туралы келісілді. Сонымен қатар қос тарап әр тоқсан сайын осындай түйткілді мәселелер бойынша әрі жүргізілген жұмыстарды қорытындылау туралы қызметтік жиналыс өткізу туралы уағдаласты.