ТҮРКІСТАН: Шенеуніктер шалғайдағы халықтың мәселелерімен танысып жатыр

0
469

Жауапты мекемелер арқылы шешуге атсалыспақ.


ТҮРКІСТАН: Шенеуніктер шалғайдағы халықтың мәселелерімен танысып жатыр

Келестік басшылар шалғайға барып, тұрғындардың мәселесін тыңдауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елді мекен тұрғындарын аудан орталықтарына сабылтпай, керісінше басшыларды ауылдарға жіберіп, елдің мұң-мұқтажын тыңдату мақсатында «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы Келес ауданының Бозай және Жамбыл ауылдық округтерінде өтті.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «AMANAT» партиясын қайта жаңғырту бағдарламасы аясында шалғайдағы елді мекендерде мобильді қоғамдық қабылдау жобасы аясында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ахмет Жұмабеков облыстық басқарманың өкілдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, құрылымдық сала мамандары азаматтарды қабылдап, талап-тілектерін тыңдады.


Тұрғындар тарапынан Жамбыл ауылдық округінде орналасқан мектептің жылу жүйесінде орын алған ахаулар, дәрігерлік амбулатория, сонымен қатар ішкі көшелерге асфальт жол салу, жайылымдық жер беру сынды түйіткілді мәселелерін басқарма басшыларына жеткізді.


Қабылдау барысында облыстық басқарма өкілдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, құрылымдық сала мамандары бірқатар шағымдар мен ұсыныстарды бақылауларына алып, жауапты мекемелер арқылы оңтайлы шешуге атсалысатындарын жеткізді.