ТҮРКІСТАН: Шөкеевтің Жетісай және Мақтаарал тұрғындарымен қашан кездесетіні белгілі болды

0
812

Облыс тұрғындарының назарына!


ТҮРКІСТАН: Шөкеевтің Жетісай және Мақтаарал тұрғындарымен қашан кездесетіні белгілі болды

Түркістан облысының әкімі Жетісай және Мақтаарал тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 15 сәуірде сағат 10.00-де «Студенттер сарайы» ғимаратында өтеді. Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 15 сәуірде сағат 11.30-де «Сырдария» университетінің ректоратында өтеді.

Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 15 сәуірде сағат 15.00-де аудандық мәдениет үйінде, ал жеке қабылдауы 2022 жылғы 15 сәуірде сағат 16.30-де Мырзакент кентінде аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында өтеді.


Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 15 сәуірге дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жай, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.