ТҮРКІСТАН: Шопан мен мыңнан астам мал өртеніп кетті (видео)

0
896

150 тонна шөп жанып кеткен.


ТҮРКІСТАН: Шопан мен мыңнан астам мал өртеніп кетті (видео)

Түркістан облысында өрт салдарынан мыңнан астам қой қырылып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 31 қаңтарында, сағат 7.15-те 101 пультіне Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түскен. Ғимараттың бірінші қабатында мал, ал екінші қабатында шөп тұрған. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен.

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға орнынан қойшының денесі табылған. Өрт сағат 9.37-де оқшауланып, сағат 10.23-те сөндірілді. Көлемі анықталуда.


Айта кетсек, тілсіз жауды ауыздықтауға Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.