ТҮРКІСТАН: Штаб мүшелері ұстаздарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

0
419

Ұстаздар қауымы да белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.


ТҮРКІСТАН: Штаб мүшелері ұстаздарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Референдум бойынша Түркістан облыстық штаб мүшелері сызғандық ұстаздарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауыл округіндегі А.Байтұрсынов мектебіне Референдум бойынша облыстық штаб мүшелері арнайы келіп, еліміздегі маңызды саяси оқиға - референдум жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Облыстық штаб өкілдері билік пен қоғамдағы өзгерістерге және орын алған саяси олқылықтарға тоқталды.


Олардың айтуынша, алдағы уақытта ауылдардың қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту үшін жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін тікелей қаржыландыру тетігі енгізіледі. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық дербестігін нығайтуға мүмкіндік береді.


Облыстардың әкімдері, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Президенттің сол жердегі өкілі іспеттес. Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша бір жағынан халық таңдауы, екінші жағынан Президент арқылы, яғни халық қалаулыларының Мемлекет басшысы ұсынған баламалы кандидатуралардан іріктеп алуы арқылы оларды тағайындау жүзеге асырылатын болады.


Сонымен қатар, олар өзгеріске енген жаңа Заң қолданысқа түссе, халықтың басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейіп, билік пен халық арасында байланыс нығая түсетіндігіне тоқталды.


Кездесуде ұстаздар қауымы белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Олар конституциядағы жаңа өзгерістерге көзқарасы оң екенін білдірді. Өз кезегінде қатысушылар елдің жарқын болашағы үшін жасалынып жатқан тарихи сәтте біркісідей атсалысатындықтарын жеткізді.