ТҮРКІСТАН: С.Қожановтың 125 жылдығына орай турнир өтті

0
2 212

​Турнирге Мырзашөл өңірінен 8 команда қатысып, бақ сынасты.


ТҮРКІСТАН: С.Қожановтың 125 жылдығына орай турнир өтті

Мақтаарал ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығына орай кіші футболдан мемлекеттік мекемелер арасында футболөтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Мақтаарал» футбол клубы басшылығының бастамасымен өткен турнирді «Бекет» газетінің редакциясы ұйымдастырса, Республикалық «Алпамыс батыр» қоғамдық қоры демеушілік жасады.
Мемлекет және қоғам қайраткері С.Қжановтың 125 жылдық мерей тойына орай Мырзашөл өңірі мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында «Спорт бізді біріктіреді» ұранымен өткен турнирге 8 команда қатысып, бақ сынасты.
Қатысушы командалар арасында Мақтаарал және Жетісай ауданының полиция бөлімдері мен ардагер футболшылардың да құрамсы қатысты. Ойын қорытындысымен алаңға шыққан командалар арасында «Мақтаарал» футбол клубының ардагерлер командасы ІІІ орын иеленсе, ІІ орын Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің теңбіл доп шеберлеріне бұйырды. Ал, турнирдің жүлделі І орынды Жетісай ауданы әкімдігінің құрама командасы иеленді.
Сонымен қатар, бірқатар азаматтар «С.Қожановтың 125 жылдығы» мерекелік төсбелгісімен, жекелеген ойыншылар мен төрешілер түрлі номинациялар бойынша ұйымдастырушылар мен демеушілердің заттай және қаржылай сый-сияпаттарына ие болды.