​ТҮРКІСТАН: Соғыс ардагері санаққа онлайн тіркелді

0
686

Ұлттық халық санағынан sanaq.gov.kz сайты арқылы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін онлайн режимде өтуге болады.


​ТҮРКІСТАН: Соғыс ардагері санаққа онлайн тіркелді

Түркістан облысы, Жетісай ауданының тұрғыны Попков Петр Кузьмич жалпыхалықтық санаққа онлайн тіркелді, деп жазады ERNUR.KZ.

Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, Еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» ордені иегері соғыстан соң ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. 4 қызынан 14 немере мен шөбере сүйген қарт майдангер халықтың тыныс-тіршілігі таразыға тартылатын тарихи сәтті асыға күткенінін айтады.

«12 Кеңес Одағының Батыры шыққан Мырзашөл топырағының әрбір майдангері көрсеткен жанқиярлық пен отансүйгіштік қасиеттері бүгінгі ұрпақ үшін мәңгілік үлгі – аманат болуы тиіс»,- дейді қарт майдангер.
Ұлттық халық санағынан sanaq.gov.kz сайты арқылы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін онлайн режимде өтуге болады. Жетісай аудандық статистика басқармасының басшысы Жұмабек Әбсаттаровтың айтуынша, дәстүрлі санақ кезінде өзін санақшы ретінде таныстырған өкілдің арнайы бейджигі және ондағы қойылған басқарма басшыларының қолы мен мөрі болуы шарт. Арнайы сайт арқылы отбасынан бір адам ЖСН-і бойынша бүкіл отбасын онлайн тіркей алады және кез-келген тұрғынның санақ бойынша қосымша мәлімет алу үшін «1446» байланыс орталығына хабарласуына болады екен.
Айта кетейік, 175 мыңға жуық тұрғыны бар Жетісай ауданынды жалпыхалықтық санаққа онлайн форматта тіркелуі жоспарланған 70 мыңға жуық тұрғынның 42 637-і бүгінде тіркеуден өтіп үлгерген.