ТҮРКІСТАН: Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш-мемориал ашылды

0
865

874 жауынгердің есімі жазылған.


ТҮРКІСТАН: Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш-мемориал ашылды

Төлеби ауданында ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткіш – мемориал ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы, Көксәйек ауылдық округі М.Х.Дулати атындағы мектепте ҰОС қатысушыларына арналған ескерткіш-мемориалдың ашылу салтанатты өтті. Мерекелік жиынға қатысқан аудан әкіміі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров кешенді ашып, мәңгі алауға гүл шоқтарын қойды. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы округ халқын Ұлы Жеңіске 77 жылдығы құрметіне қойылған мемориалдың ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.


Қан майданында ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына бас иіп, ортамызда жүрген ардақты ардагерлерімізді қадірлеу – перзенттік парызымыз болып табылады. «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа - үлгі» дейді халық даналығы. Ескерткіштің ауылдың көркіне көрік қосып, жастарымыздың бойына патриоттық сезім беретін рухани орынға айналатынына сенемін. Бұл ескерткіш-мемориалды орнатқан батырлардың ұрпақтарына алғысымды білдіремін, деді құтықтау сөзінде аудан басшысы.


Батырларымыздың батырлығын елге дәріптеу мақсатында Көксәйек ауылынан шыққан қос Кеңес Одағының Батыры Қосан Мамутов пен Редько Алексей Николаевичтің бейнелері тақтаға қашалып салынды. Бұдан бөлек, елі үшін құрбан болған боздақтардың есімін мәңгі ұлықтау мақсатында тақтаға 874 жауынгердің есімі жазылған.


Мәрмәр тастан жасалған кешеннің биіктігі 5м, ені 16м, ұзындығы 26 м құрайды.