ТҮРКІСТАН: Соңғы тәулікте 150-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

0
865

54731 адам ревакцинацияланған.


ТҮРКІСТАН: Соңғы тәулікте 150-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Түркістан облысы бойынша соңғы тәулікте 147 адамнан КВИ анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында пандемия басталғалы КВИ-дің 16 333 жағдайы тіркелді. Оның 8057-ы симптомсыз өткен. Қазіргі уақытта Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша «жасыл» аймақта. Инфекциялық стационарларда барлығы 809 орын бар, 68 төсек орын бос. Ал, «COVID-19»-ға қарсы вакцинациялау 150 екпе салдыру пункттерінде жүргізіліп жатыр.


Жалпы өңірде егу науқаны басталғалы барлығы 1046093 адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Оның ішінде 1032521 адам вакцинаның екі компонентін алған.


Pfizer вакцинасының I компонентін жалпы 94 940 адам,II компонентін 35 800 адам қабылдады. Сондай-ақ, 54731 адам ревакцинацияланған.