​ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында Шу ауылдық округі әкімдігінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

0
1 955

Әкімідік ғимаратының құрылыс жұмыстары биылғы көктемде басталған.


​ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында Шу ауылдық округі әкімдігінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне орай Түркістан облысы, Созақ ауданында Шу ауылдық округі әкімдігінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нысанның ашылу салтанатында Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік меркесімен құттықтап: «Шу – татулығы жарасқан, береке-бірлігі артқан ауыл. Тәуелсіздік мерекесінде Шу ауылы округінде жаңа әкімдік ғимаратының құрылысы аяқталып, ашылып отыр. Ауылға көрік беретін жаңа қоныс құтты болсын», деді.
Сондай-ақ аудандық мәслихаттың төрағасы Бегімбет Байғараев жылы лебізін білдірді. Ауыл ардагері Бейсенбі Дастанов, Мұхамбетәлі Шешенқараев, ауыл әкім өз аппараты ұжымы елдің әл-ауқатын арттыру бағытында жігерлі жұмыс істей беретініне сенім білдіріп, ауыл халқының атынан аудан әкіміне ризашылығын білдірді. Іс-шара барысында ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаты тапсырылды.
Шу ауылында тұрғындар 24 сағат таза ауыз сумен қамтылған. Жаппас Қаламбаев атындағы 150 орындық, екі қабатты заман талабына сай мектебі бар. Орталық мешіт пен мәдениет үйі халыққа қызмет етеді. Балалар ойын алаңы мен кіші футбол алаңы салынған. Ауыл балалары балабақшамен қамтылған. Өткен жылы Тәуке хан және Әйтеке би көшесі асфальттанды. Бірнеше көшеге қиыршық тас төселді. Орталық көше жарықтандырылған. Шу ауылында осындай игі істер әлі де жалғасып келеді. Мұның бәрі тәуелсіздіктің арқасы екені сөзсіз.
Айта кету керек, әкімідік ғимаратының құрылыс жұмыстары биылғы көктемде басталды. Аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып, құрылыс жұмыстарын «Vek-Stroy-Com» ЖШС жүргізген.