ТҮРКІСТАН: Созақ ауданының әкімі сайланды

0
1 018

Тұрысбеков Мұхит жеңіске жетті.


ТҮРКІСТАН: Созақ ауданының әкімі сайланды

Түркістан облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында алғаш рет аудан әкімдерінің сайлауы өтті. 5 қараша күні түйінделген бұл науқан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі шешімі негізінде Бәйдібек, Созақ, Мақтаарал және Шардара аудандарында пилоттық режимде жүргізілді. Осы ретте, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаевтың қатысуымен баспасөз жиыны ұйымдастырылып, сайлау қорытындысы жария болды.


Созақ ауданында 35715 сайлаушының 23964-і науқанға қатысып, Абраев Дәуіржан Жолдасұлы 3145, Айдарбеков Ербол Абдашімұлы 3609 дауыс жинаса, 16016 дауысқа ие болған Тұрысбеков Мұхит жеңіске жетті. 1967 жылы дүниеге келген Мұхит Сексенбайұлы сайлауға дейін де Созақ ауданының әкімі қызметін атқарған болатын.