​ТҮРКІСТАН: Созақта "Адалдық сағаты" өткізілді

0
1 149

"Адалдық сағаты" шарасы еліміздің барлық өңірінде өткізілуде.


​ТҮРКІСТАН: Созақта

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында бүкіл республикалық "Адалдық сағаты" шарасына орай жиын өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиын барысын аудан әкімі Салыхан Полатов жүргізіп отырды. Аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Тілеуқабыл Жұмабаев сыбайлас жемқорлықтың салдарына тоқталып, мемлекттің бұл жағымсыз әдетпен түбегейлі айналыса бастады. Сыбайлас жемқорлық фактілері мен оны жою жолдарымен таныстырды.

Сондай-ақ, мекеме қызметкерлеріне мәдениеттілікті жұмыс барысында қолдана отырып, адамдық қарым-қатынастың ең биік дәрежесінде болудың қыр-сырымен бөлісті. Істеген жұмысыңызға адалдық еткен еңбектің тәтті нанын жеуге сеп болатынын да жасырып қалмады.

Айта кетейік, 2019 жылы жұмысын бастаған «Адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты –мемлекеттік қызмет беру бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықты мемлекеттік билік органдарына дген сенмін арттыру. Осы орайда, аудан ұжымындағы ынтымақ мен бірлікті нығайтып, пара алу немесе беру салдарының соңы қалай аяқталатынын да дәлелмен жеткізе білді.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелерді жыл басынан бері аралап келе жатырмыз. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның салдарымен күресуді басты бағытымыз деп алып, осы жолда мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлеріне бар білгенімізбен бөлісіп, оларға жемқорлықпен бірге күресуге үндеу салып жүрміз»,- дейді аудан әкімі аппараты басшысы Қалдыбек Оразов.