ТҮРКІСТАН: Созақта алтын құрсақты 200 анаға құрмет көрсетілді

0
818

Бала тәрбиелеуге бағытталған өмірімен көпшілікке үлгі бола білген аналар әрдайым құрметке лайық.


ТҮРКІСТАН: Созақта алтын құрсақты 200 анаға құрмет көрсетілді

Созақ ауданындағы батыр әжелерге құрмет көрсетіліп, естелік сыйлық табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Созақ ауданы бойынша «Бақ нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері батыр әжелерге құрмет көрсетіп, естелік сыйлық табыстады.


«Шуақты көктемнің мерекесінде саналы ғұмырында еліміздің демографиялық жағдайына өлшеусіз үлес қосып, бүгінде отбасылық құндылықтарды сақтауда көпшілікке үлгі болып отырған алтын құрсақты әжелерге құрмет көрсеттік», - деді аудандық «Бақ нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова өз сөзінде.


Барлық ауыл округтері бойынша 200-ден аса батыр аналарға орамал жабылып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Бала тәрбиелеуге бағытталған өмірімен көпшілікке үлгі бола білген аналар әрдайым құрметке лайық.