ТҮРКІСТАН: Созақта азы-түлік жәрмеңкесі өтті

0
580

Айына 2 рет тұрақты түрде өткізу жоспарға алынған.


ТҮРКІСТАН: Созақта азы-түлік жәрмеңкесі өтті

Созақауданындағы жәрмеңкеде азық-түлік арзан бағада ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Созақ ауданында да аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің тапсырмасымен осы бағытта жұмыс жүруде. Жоспарға сәйкес, Шолаққорған ауылында «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорынан қарастырылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті.


Аудан орталығында өткен әлеуметтік жәрмеңкеде картоп — 100, пияз — 70, сәбіз — 100, күнбағыс майы — 700, ұн — 7500, және тұз — 35 теңгеден сатылды. Жалпы, жәрмеңкеде 3 тоннадан аса әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары ұсынылды.


Созақ аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірмановтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жәрмеңкесін айына 2 рет тұрақты түрде өткізу жоспарға алынған.