ТҮРКІСТАН: Созақта қариялар тал екті

0
939

Шара аясында ауылдық округ жастары арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Созақта қариялар тал екті

Созақ ауданының әкімі ауыл қарияларымен тал екті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданы, Жартытөбе ауылындағы «Астана» саябағына аудан әкімі Мұхит Тұрасбеков барып, ауыл ақсақалдарымен бірге саябаққа шырша көшеттерін отырғызды. Шара аясында ауылдық округ жастары арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа арнайы қатысқан аудан әкімі аудан көлемінде спорт саласы бойынша қолға алынған ауқымды жобаларға тоқталып, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жанына серік еткен ауыл жастарына ізгі тілегін білдірді.


Айта кетейік, жарысқа Жартытөбе ауылдық округінен құралған 8 команда өзара сайысқа түсті. Мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақыттары мен спорт алаңшаларын тиімді пайдалану арқылы достық қарым-қатынасты нығайту. Жарыста жеңіске жеткен командаларға арнайы диплом, кубок, медаль мен сый-сияпаттар табысталды.