ТҮРКІСТАН: Созақта көпбалалы аналар марапаттады

0
791

6 ана «Алтын алқа», 17 ана «Күміс алқа» иегері атанды.


ТҮРКІСТАН: Созақта көпбалалы аналар марапаттады

Түркістан облысынан Павлодарға көшкен 90-ға жуық отбасының мүшелері жұмысқа орналастырылып, баспанамен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Алтын алқа» және «Күміс алқаға» лайықты көпбалалы аналарды қабылдап, арнайы марапаттады.


"Сіздер еліміздің демографиясының өсуіне, халық санының көбейуі мен ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Өз атымнан сіздерге үлген ризашылығымды білдіремін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын", – деді аудан басшысы.


Сондай-ақ, «Алтын алқа» алған аналар қатарында 7 бала өсірген Айнұр Анарбекова да жылы лебізін білдірді.


"Бүгінгі алып отырған медальдарыңызбен құттықтаймын. Бәріміздің өсіріп отырған ұл-қыздарымыз, тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосатын азамат болсын", – деген тілегін білдірді.


Айта кетейік, марапаттау барысында 6 ана «Алтын алқа», 17 ана «Күміс алқа» иегері атанды. Жалпы, Созақ ауданында 818 «Алтын алқа», 1120 «Күміс алқа» иегері бар.