ТҮРКІСТАН: Созақтық кәсіпкер ауыл мектебіне 100 кітап сыйлады

0
324

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.


ТҮРКІСТАН: Созақтық кәсіпкер ауыл мектебіне 100 кітап сыйлады

Созақта «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Созақ ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі – ауданға қарасты «Қарағұр» жалпы білім беретін мектеп ғимаратында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында шара өтті.


Аталған шара барысында кітап қорының көбеюіне созақтық кәсіпкер, техника ғылымдарының кандидаты, «Аbdi» компаниясының президенті Абдібек Бимендиев 100 кітап сыйға тартты.


Кітап қорын толықтыру, оқырмандардың қызығушылығын арттыру, көпшілік алдында өз ойларын ашық айтуға, оқыған кітаптарымен бөлісуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету мақсатында өткен шарада мектеп кітапханасы «Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласы», «Абай жолы» кітабының толық томдары, тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, мақал-мәтел, жұмбақтар және ақын жазушыларымыздың кітаптарымен толықтырылды.