ТҮРКІСТАН: Созақтықтар облыстық кітапханаға сый жасады

0
741

Шығармашылық кездесуде аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, поэзия оқыды.


ТҮРКІСТАН: Созақтықтар облыстық кітапханаға сый жасады

Түркістан облыстық кітапханасына созақтықтар 500 дана кітап сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін «Кітап саяхаты –2023» акциясы аясында «Шежірелі өлкеден – Рухани темірқазыққа» шарасы Созақ ауданының кітап керуенімен жалғасты.


Іс-шараның ашылуында Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева, Түркістанның құрметті азаматтары Өтепберген Қуанышбай, Кеңес Мәрсәлі, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.


Созақ ауданы «Фараб» кітапханасының қорына 500 кітап және тактильді кітап сыйға тартты. Сонымен қатар ауданның арда тумалары – Нұржамал Төлеуова, Тұмартай Дінтайұлы, Сәрсенбек Сайлаубекұлы келушілерді өтіп жатқан шарамен құттықтап, оқырман легі көп болуын тіледі. Келушілерге арнайы жасақталған «Шежірелі Теріскей, Қазыналы Қаратау» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.


Екінші бөлігі «Күзгі сыр» тақырыбында рухани әдеби-сазды кешпен жалғасты. «Кейіпкерлер шеруі» айдары бойынша ақын, жазушы, аудармашы Елнұр Қайратұлының «Қасқыр ұлыған түн» шығармасынан қойылым ұсынылды. Өлеңдері оқылды. «Жігіттер» квартетінің әншісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ердос Қанаев автордың сөзіне жазылған ән шырқады. Шығармашылық кездесуде аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, поэзия оқыды.


Шара соңында облыстық «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы Созақ ауданынан келген кітапханашылар мен қаламгерлерге алғысын білдірді.