Түркістан спортшылары әлем кубогында топ жарды

0
575

Еліміздің екінші құрамасы екінші орынға ие болды.


Түркістан спортшылары әлем кубогында топ жарды

Румынияда ұлттық спорт түрлерінен әлем кубогы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Румынияның Констанца қаласында ұлттық спорт түрлерінен әлем кубогы мәреге жетті. Биыл екінші рет өткен дүбірлі дода аясында асық ату мен бес асықтан сайыстар өтіп, жеңімпаз және жүлдегерлер белгілі болды.


Атап айтар болсақ асық атудан "Қазақстан-1" құрамасы топ жарса, еліміздің екінші құрамасы екінші орынға ие болды. Үздік үштікті Германия командасы түйіндеді.


Бес асықтан өткен сында Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмесе, Түркия мен Румыния екінші-үшінші орындарды өзара бөлісті.


Жеңімпаз атанған спортшылар ішінде Түркістан облысының екі бірдей өкілі бар. Өз таланттарымен танылған Алмас Қарабаев пен Мұхамеджан Нұрланұлы ұлттық құрама сапында бас жүлдеге ие болды.