Түркістан спортшылары Азия чемпионатынан 5 медаль жеңіп алды

0
460

Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.


Түркістан спортшылары Азия чемпионатынан 5 медаль жеңіп алды

Түркістан спортшылары параканоэдан Азия чемпионатынан 5 медаль еншіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тайланд елінің Паттайя қаласында параканоэдан кезекті Азия чемпионаты өтті. Сары құрлық елдерінің ең мықты спортшылары қатысқан додада Қазақстан ұлттық құрамасының саңлақтары жақсы нəтижеге қол жеткізіп, туған елге олжалы оралды.


Атап айтсақ, ескек есу спортынан бабы келіскен Түркістан облысының саңлақтары Азия чемпионатынан 3 алтын, 2 қола медальді жеңіп алды. Еліміздің таланты спортшысы, жерлесіміз Спатай Бибарыс KL2 дәрежесінде алтын жүлде алса, оның жеңісті жолын тағы да түркістандық Максим Богатырёв KL1 дәрежесінде жеңімпаз атанды. Сонымен қатар келешегі кемелді Максим Богатырёв VL1 сынында да өнер көрсетіп, үздік атанды.


Сонымен қатар, талантты спортшы Жаңыл Балтабаева KL3 дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдегер атанды. Спатай Бибарыс VL3 қашықтықта да олжа салып, қоланы еншіледі.


Азия чемпионатының қорытындысы бойынша бірнеше түркістандық спортшы 2022 жылы өтетін кезекті Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік алды. Олар: Бибарыс Спатай мен Максим Богатырёв, Жаңыл Балтабаева мен Жалғас Тайкенов.