ТҮРКІСТАН: Стадион, музей және медиа-орталық құрылысы басталды

0
3 159

Әкімшілік-іскерлік орталықта құрылысы басталған нысандардың жалпы салыну жоспарымен танысқан Бірінші Вице-премьер жұмыстарды сапалы жасап, уақытылы пайдалануға беру мәселесіне жіті тоқталды.


ТҮРКІСТАН: Стадион, музей және медиа-орталық құрылысы басталды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бірнеше нысанның құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Түркістан облысына іссапары кезінде облыс орталығында бой көтеретін 7 мың орынға шақталған стадионның құрылыс жұмыстары көрсетілді.

Астанадан келген топты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев нысан басына өзі алып барып, Түркістанның болашақтағы сәулеттік сәніне әр беретін ғимараттың орнын көрсетті.Мердігер компаниясы «BI Group» ЖШС-і болып табылатын нысанның салыну барысын жобаның әзірлеушісі саналатын «Самұрық Қазына «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Б.Сандықбаев баяндады. Оның айтуынша, спорт нысанының көлемі 33 286 шаршы метр болса, жалпы жобаның ауданы 6,4 гектар. Болашақта жергілікті 100 адамды жұмыспен қамти алатын ғимараттың ел игілігіне берілу мерзімі 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Сондай-ақ, А.Маминге Қожа Ахмет Яссауи музейінің құрылыс жұмыстары таныстырылды. Аталған мұражайдың мердігері – «Базис-А» холдингі. Ауданы 3 мың шаршы метрді алатын ғимаратта да келешекте 100 адам жұмыспен қамтылады. Ұлы тұлғаға арналған музейдің де құрылыс жұмыстарын аяқтап, ел игіліне беру мерзімі келесі жылдың соңына жоспарланып отыр.

Одан кейін, астаналық жұмысшы топ аялдаған нысан əкімшілік-іскерлік орталығындағы медиа-орталық болды. «BI Group» компаниясы мердігер мекемесі болып табылатын нысанның тапсырысшысы Алматы қаласының əкімдігі. Аумағы 1 шақырымды алатын нысан 2020 жылдың соңына қарай аяқталады.

дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі