ТҮРКІСТАН: "Street ball” сайысының жүлдегерлері марапатталды

0
476

Алда сайыстар спорттың түрлі саласы бойынша жалғасып отыратын болады.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облысының орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Спорттық қала - дені сау тұрғындар" тақырыбында Түркістан қаласы әкімінің кубогі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған сайысқа жалпы саны 16 команда қатысты. Оның 7-сі ұл, 9 қыздар командасы. Олар ертеректе хабарланған https://sport.turkistanevent.kz сайты арқылы өтініш беріп, сайысқа қатысқан болатын. Ұйымдастырушылар ниет білдірген командалар саны өткен сайыстардан жоғары әрі белсенді екендігін айтады.

"Пандемияға байланысты көптеген шектеулер болып жатқанына қарамастан, спортты дамытып, спортты жанына серік еткен жандарға мүмкіндік беруіміз қажет. Өйткені, спорт - денсаулығымызға күш-қуат беретін сала. Осы мақсатта, жыл басында күн жылына түсе, жыл соңына дейін түрлі спорт түрінен сайыстар өткізіп тұру бойынша шешім қабылдаған болатынбыз. Бұйырса, бастамамыз ойдағыдай өтсе, көрші облыс-қалалардың сайысшыларын шақыратын боламыз", - деп барлық командаларға сәттілік тілеген шаhар басшысы Рашид Аюпов, рухани астананың абыройын арттырып, еліміздің көк байрағын жоғары көтере берулеріне тілектестігін білдірді.

Жарыс соңында қырағылық танытқан командалар қала әкімінің алғыс хатымен және сый-сияпаттарымен марапатталды. Алда сайыстар спорттың түрлі саласы бойынша жалғасып отыратын болады.