ТҮРКІСТАН: Су апатында тұрғындарға көмектескен студенттер оқу төлемақысынан босатылды

0
775

Қырыққа жуық ерікті жас оқу төлемақысын өтемейді.


ТҮРКІСТАН: Су апатында тұрғындарға көмектескен студенттер оқу төлемақысынан босатылды

«Еріктілер жылы» ЖОО ларда ерекше кейіпке енген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлемді жайлаған пандемия қай мемлекетке, қай қалаға, қай аудан мен ауылға болса да басын сұқпай кетпеді. Ал аталмыш дерт елімізде өршіп тұрған кезде ел тұрғындарының азаматтығы сынға түсері сөзсіз. Осы орайда еріктілер еңбегі орасан зор маңызға ие. Себебі басын бәйгеге тігіп, тар жол тайғақ кешуде халыққа қолдан келген көмек қолын созу-ақылы мен азаматтығы ұштасқан жандарға ғана тән іс-әрекет. Ал еріктілердің еңбегін лайықты бағалау-еріктілікті қолдауды іспен дәлелдеудің бірден бір жолы.

Ерікті жастарға зор қолдау білдіретін Шымкенттік Silkway Халықаралық университетінің басшылығы мемлекетіміздегі төтенше жағдай кезінде белсенділік танытқан және Мақтаарал, Төле би аудандарындағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек қолын созған қырыққа жуық ерікті жастардыынталандыру мақсатында оқу төлемақысынан толықтай босатты. Енді оқу ордасында оқитын ерікті жастар оқу төлемақысын төлемейді.

Одан бөлек оқу орны студенттердің отбасылықжәне әлеуметтік жағдайына, түрлі салада жеткен жетістіктері мен ҰБТ нәтижелерін ескере отырып, бес жүзге жуық студентке оқу төлемақысынан түрлі жеңілдіктер берді.