ТҮРКІСТАН: Су тасқыны болуы мүмкін жерлерде рейд өткізілді

0
440

Су тоғанының жай күйіне визуалды зерттеу-қарау жұмыстарын жүргізді.


ТҮРКІСТАН: Су тасқыны болуы мүмкін жерлерде рейд өткізілді

Төлеби ауданында су тасқыны ықтимал жерлерде рейдтер өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Л.Серікбаев, ТЖБ бастығы Б.Есіркепов және А.Қалдықара, Төлеби аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Тұрғынбаев, Төлеби су шаруашылығы МКК директорының орынбасары С.Бахашев, Кемеқалған ауылдық округінің әкімі Д.Дарибоев және селден қорғау қызметкерлері бірлесе отырып, аудандағы су тасқыны ықтимал Абай ауылы аумағында орналасқан су тоғанының жай күйіне визуалды зерттеу-қарау жұмыстарын жүргізді.


ТЖБ мамандары тұрғын үй секторларында аулаларды аралап, су тасқыны болған жағдайларда ережелерді білу үшін арнайы мәліметтер мен жадынамалар таратты. Сондай-ақ, жағдайларда қандай көмек көрсету керектігін тұрғындарға түсіндірді.