ТҮРКІСТАН: Суармалы жерлерге 206 млн. текше метр су жіберілді

0
233

Бұл егіс алқаптарындағы ылғал мөлшерін көбейтуге, топырақтың құнарлығын жақсартуға және ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жасалады.


ТҮРКІСТАН: Суармалы жерлерге 206 млн. текше метр су жіберілді

Түркістан облысының суармалы жерлеріне 206 млн текше метр су жіберілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының суармалы жерлеріне 206 млн текше метр су жіберілді. Биылғы суару маусымына дайындық аясында топырақ құрамындағы ылғал мөлшерін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.


Қысқы маусымда Мақтаарал ауданы бойынша 47 мың гектардан астам суармалы жерге су беру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 12 мың гектарға немесе суармалы алқаптың 25 пайызында ылғалдату жұмысы жүргізілді. Ал Жетісай ауданында ылғалдату жоспарланған 54 мың гектардың 10 мың гектарына (19%) су берілді.


Айта кету керек, «Достық» каналы бойынша су алу лимиті 1116,0 млн. текше метрді құрайды. Оның ішінде желтоқсан-наурыз аралығындағы ылғалдату жұмыстарына 486,8 млн. текше метр қарастырылған. Бүгінгі таңда аталған канал арқылы осы мақсатта 88,98 млн. текше метр мөлшерінде су алынды.


«Түркістан облысының суармалы жерлеріне қысқы мезгілде су беріліп жатыр. Бұл егіс алқаптарындағы ылғал мөлшерін көбейтуге, топырақтың құнарлығын жақсартуға және ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жасалады. Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы ылғалдату жұмысын наурыз айына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.