ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

0
641

Баяндамалар оқылып болған соң, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, облыстық дін істері басқармасының басшысы жиынды қорытындылады.


ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Түркістанда «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


19 қыркүйекте Түркістан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Іс-шараның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау, жемқорлық деңгейін төмендету.


Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы төрағалық етті. Іс-шарада «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша наиб имамы Серкебай Таңат, Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теологы Нұрлыхан Әмзеев баяндама жасады.


Дөңгелек үстелге ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері қатысты. ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері уағыз-насихаттарында пара беру де, пара алу да, ортада дәнекер болу да шариғатымызда үлкен күнә екеніндігі туралы жұртшылыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді.


Баяндамалар оқылып болған соң, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, облыстық дін істері басқармасының басшысы жиынды қорытындылады.