ТҮРКІСТАН: Сырлы Келестің бәйтерегі кандидаттарға ақ батасын берді

0
1 368

Киелі Келестің бәйтерегімен сұхбат.


ТҮРКІСТАН: Сырлы Келестің бәйтерегі кандидаттарға ақ батасын берді

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы тұрғындардың талап-тілектеріне сай жасалған.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары А.Жұмабеков Оңғар Исаев құрастырған «Киелі келестің бәйтерегі» атты кітаптың кейіпкері, Оңтүстік өңіріне белгілі азамат, абыз ақсақал Ахмет Мұхамеджанов ағамыздың үйінде қонақта болды. Сарыағаш және Келес ауданының құрметті азаматы атанып, сексеннің сеңгіріне келіп қалған Ахмет ағамыз бүгінде Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Ахмет Мұхамеджанов Келес аудандық партия филиалының атқарып жатқан жұмыстарын ұдайы назардан тыс қалдырмай, бағасын беріп, кемшіл тұстарын түзетуге кеңес беріп отыратын азамат. Ол алдымен Келес ауданының тарихы толық қамтылған, баспаға дайын тұрған жаңа кітаптың электрондық нұсқасымен таныстырып, екеуара азды-көпті мазмұнын талқылады. Бұл кітапта Келес жерінің сонау ежелгі заманнан бергі тарихы, Кеңес дәуірінде өңірдің аудан болып құрылуы мен бүгінгі күнге дейінгі бар тыныс-тіршілігі, сондай-ақ, елге еңбегі сіңген барша азаматтар жайлы деректер қамтылыпты.

Өз кезегінде А.Жұмабеков «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде әңгіме өрбітті. Партияның сайлауалды бағдарламасы партияның аудандық филиалының төрағасы А.Есбаевпен бірге былтырғы ауыл округтеріндегі тұрғындарымен кездесудегі және биылғы жылғы Праймериз барысында кандидаттардың елді мекендердегі кездесулерінің барысында жинақталған ұсыныс-пікірлер ескеріле отырып жасалғанын айтып өтті.

Ал, бағдарламаны мұқият тыңдаған Ахмет ағамыз партияның бағыты дұрыстығын, атқарылып жатқан жұмыстары халықтың көз алдында ашық жүріп жатқанын, сайлауалды бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, ақ батасын беріп, сайлауда сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді