ТҮРКІСТАН: Талапкерлер тестке кірер алдында дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтеді

0
714

Тағып келген маскасын ауыстыруы қажет.


ТҮРКІСТАН: Талапкерлер тестке кірер алдында дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтеді

Түркістан облысы Келес ауданында ҰБТ басталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл тестілеуді тапсыруға Келес ауданы бойынша 52 орта мектептен 1104 талапкер өтініш білдірген. Ал ҰБТ-ның алғашқы күні 124 талапкер тест тапсырды. Атап өтсек, барлық талапкер тестілеуге кірер алдында дезинфекциялаудың 5 кезеңінен (тоннель, аяқ киімін тазартатын кілемше, қолын антисептикпен сүрту, дене қызуын өлшеу) өтіп жатыр.

Содан соң тест тапсырушы өзінің бет әлпетін арнайы бағдарлама арқылы сәйкестендіріп, өзі тағып келген медициналық маскасын кіреберісте берілетін жаңасымен алмастырады. Әрі қарай жылдағыдай тексеріспен (ҰБТ-ға рұқсат етілмейтін заттардың бар-жоғын бақылау) тестілеуге кіріп, аудиториядағы арақашықтығы сақталған орынға отырады. Ал тестілеу өткізілетін аудитория уақтылы желдетіліп, тест тапсырушылардың әр легінен соң тазартылуы тиіс.

Айта кетсек, ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу барысын құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен қоғам қайраткерлері кіретін арнайы мониторинг топтары бақылайды. Ұлттық біріңғай тестілеу Келес ауданында 23 – 30 маусым аралығында 8 лекке бөлініп өтеді.