ТҮРКІСТАН: Тауда 4 адам жоғалып кеткен

0
518

Тұманның салдарынан адасып қалған.


ТҮРКІСТАН: Тауда 4 адам жоғалып кеткен

Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған 4 азаматты құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


22 мамыр күні сағат 22:10 шамасында Түркістан облыстық ТЖ департаментінің 112 байланыс сымтетігіне сағат 11:00-де Сусіңген көлінен шығып, «Алтын-Дән» демалыс аймағына бағыт алып және қайта оралмаған демалушылардың жоғалғаны бойынша хабарлама түскен. Төлеби ауданынан 5 шақырым жердегі Наутсай шатқалына 17 құтқарушы, кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 техника мен Полиция департаментінің 4 және Ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылды.


Нәтижесінде 23 мамыр күні сағат 02:32-де құтқарушылар Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі Құлыншақты таулы жерінен жоғалған 4 адамды тапты. Жоғалғандардың айтуынша, ола тұманда адасып қалған.