ТҮРКІСТАН: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 түрлі тағам әзірленді

0
613

Тағамдар фестивалі өтті.


ТҮРКІСТАН: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 түрлі тағам әзірленді

Келес ауданында мереке аясында фестваль өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі" күні аясында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен "Бір шаңырақ астында татулық пен береке" атты тақырыптағы ұлттық тағамдар фестивалі ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шарада ауданға қарасты ауылдық округтерден жиналған 30 жуық қатысушы өз ұлттарының ұлттық тағамдарын әзірлеп, әділ қазы алқаларының көңілінен шығуға тырысты.

Бұл іс-шара аудандық деңгейде кең көлемде ұйымдастырылған. Себебі Келес ауданы көп ұлт қоныстанған аудандардың бірі. Фестивальдің басты мақсаты аудандағы барлық өзге ұлт өкілдерінің бір біріне деген сенімділігін арттырып, достық қарым қатынаста болуға шақыру.

Іс-шара соңында әділ қазы алқаларының есептеген шешімі бойынша жүлделі орындар анықталды. Тиісінше жүлделі орын алған жеңімпаздарға аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы атынан арнайы алғыс хат және бағалы сыйлықтар табысталды.